АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Тамара Дүйсенова мен Серік Жұманғарин министр қызметінен босатылды.
Серік Жұманғарин сауда және интеграция министрі қызметінен босатылды. Бірақ премьер-министр орынбасары болып қалды.
"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - делінген Ақорда сайтында.
Дүйсенова бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін қоса атқарған еді.