Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі болды

Балаева бұған дейін ақпарат және әлеуметтік даму министрі қызметінде болған еді
Sputnik
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Аида Балаева туралы не білеміз

Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы "құқықтану" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқыды.
Әр жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, астанадағы ішкі саясат басқармасының басшысы, 2010 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылдың желтоқсан айында президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2019 жылдың 22 шілдесіндегі президент жарлығымен Аида Балаева ҚР президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне кірісті. 2020 жылғы 4 мамыр – 2022 жылғы 11 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрі қызметінде болды.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.
Қоғам
Аида Балаева журналист пен Бекболат Тілеухан арасындағы жанжалға пікір білдірді