https://sputnik.kz/20230902/aida-balaeva-madeniet-zhane-aqparat-ministri-boldy-38129132.html
Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі болды
Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі болды
Sputnik Қазақстан
Балаева бұған дейін ақпарат және әлеуметтік даму министрі қызметінде болған еді 02.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-02T11:26+0500
2023-09-02T11:26+0500
2023-09-02T11:31+0500
ақорда
кадрлық тағайындаулар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/09/22635920_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_650edb47a41d9e9d6e9923f5ff094dd7.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды."Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.Аида Балаева туралы не білемізАида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы "құқықтану" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқыды. Әр жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, астанадағы ішкі саясат басқармасының басшысы, 2010 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.2014 жылдың желтоқсан айында президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2019 жылдың 22 шілдесіндегі президент жарлығымен Аида Балаева ҚР президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне кірісті. 2020 жылғы 4 мамыр – 2022 жылғы 11 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрі қызметінде болды.Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.
https://sputnik.kz/20211230/Balaeva-zhurnalist-Bekbolat-Tileukhan-19021564.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/09/22635920_167:0:2898:2048_1920x0_80_0_0_54d306c89654cffb91fd98451b3e25ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақорда, кадрлық тағайындаулар
ақорда, кадрлық тағайындаулар
Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі болды
11:26 02.09.2023 (жаңартылды: 11:31 02.09.2023) Балаева бұған дейін ақпарат және әлеуметтік даму министрі қызметінде болған еді
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Аида Балаева туралы не білеміз
Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы "құқықтану" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқыды.
Әр жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, астанадағы ішкі саясат басқармасының басшысы, 2010 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылдың желтоқсан айында президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2019 жылдың 22 шілдесіндегі президент жарлығымен Аида Балаева ҚР президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне кірісті. 2020 жылғы 4 мамыр – 2022 жылғы 11 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрі қызметінде болды.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.