Президенттің Қазақстан халқына жолдауы - 2023

Тоқаев Отбасы банктің қызметіне өзгеріс енгізуді тапсырды

Басты назарды аудандарға, моно-қалаларға және ауылдарға аударған жөн, деді президент
Sputnik
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Отбасы банктің қызметін қайта қарауға тапсырма беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысы алдымен "Бәйтерек" холдингінің құрылымын өзгертіп, оны кең ауқымда цифрландыруды тапсырды. KazakhExport компаниясы экспортты дамытатын толыққанды институтқа айналуы тиіс. Компанияға осы міндетті атқаруға қажетті құзырет беріледі.
"Бұдан бөлек, "Отбасы банктің" қызметін қайта қарау керек. Басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моно-қалаларға және ауылдарға аударған жөн",- деді Тоқаев бүгінгі жолдауда.
Отбасы банк ұлттық даму институтына айналады