https://sputnik.kz/20220705/otbasy-bank-ulttyq-damu-instituty-25944593.html
Отбасы банк ұлттық даму институтына айналады
Отбасы банк ұлттық даму институтына айналады
Sputnik Қазақстан
Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы мәжілістің қарауында жатыр 05.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-05T09:26+0500
2022-07-05T09:26+0500
2022-07-05T09:26+0500
банк
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/950/22/9502296_0:40:3072:1768_1920x0_80_0_0_2cd846c537ae326c152e3fd382d76bbf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Отбасы банкін ұлттық даму институты етіп қайта құру ұсынылды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, президент тапсырмасы аясында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді. Қазір құжат мәжілістің қарауында.Сондай-ақ Отбасы банк базасында "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын" құру жоспарланып отыр. Ол ешқандай санатқа қарамастан, республика аумағында баспанасы жоқ барлық мұқтаж азаматты орталықтандырылған түрде есепке алады."Ұсынылып отырған жаңа модельде тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары есепке қою күніне, табыстың болуына және берілген өтінімге байланысты жүзеге асырылады", - деді министр.Өскенбаев бұл жаңашылдықтар халықты үймен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға, баспана алу рәсімін оңтайландыруға, сондай-ақ азаматтардың барлық санаты арасында тұрғын үйді әділ бөлудің бірыңғай тетігін енгізуге мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/950/22/9502296_34:0:2765:2048_1920x0_80_0_0_9c905cbed1b1f70bd6cd6a0e5d3aba5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, тұрғын үй
Отбасы банк ұлттық даму институтына айналады
Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы мәжілістің қарауында жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Отбасы банкін ұлттық даму институты етіп қайта құру ұсынылды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, президент тапсырмасы аясында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді. Қазір құжат мәжілістің қарауында.
"Заң жобасы аясында тұрғын үй саясатын тұтастай реформалау және оны екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығара отырып, Отбасы банкін ұлттық даму институты етіп қайта құру ұсынылады", - деді Өскенбаев үкімет отырысында.
Сондай-ақ Отбасы банк базасында "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын" құру жоспарланып отыр. Ол ешқандай санатқа қарамастан, республика аумағында баспанасы жоқ барлық мұқтаж азаматты орталықтандырылған түрде есепке алады.
"Ұсынылып отырған жаңа модельде тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары есепке қою күніне, табыстың болуына және берілген өтінімге байланысты жүзеге асырылады", - деді министр.
Өскенбаев бұл жаңашылдықтар халықты үймен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға, баспана алу рәсімін оңтайландыруға, сондай-ақ азаматтардың барлық санаты арасында тұрғын үйді әділ бөлудің бірыңғай тетігін енгізуге мүмкіндік береді.