АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт балаларға арналған "Келешек" атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс.
"Осы жинақ пен "Ұлттық қор – балаларға" жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады", - деді Тоқаев бүгінгі жолдауда.