Послание президента народу Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920
Президенттің Қазақстан халқына жолдауы - 2023
2023 жылдың 1 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты халыққа жолдауын жариялады.

Қазақстанда балаларға арналған бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізіледі

© Photo : Unsplash/Лео РивасДевочка и мыльные пузыри, иллюстративное фото
Девочка и мыльные пузыри, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт балаларға арналған "Келешек" атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс.
"Осы жинақ пен "Ұлттық қор – балаларға" жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады", - деді Тоқаев бүгінгі жолдауда.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2023
Қоғам
Ұлттық қор – балаларға: кім, қашан және қанша ақша алады
Жаңалықтар
0