Президенттің Қазақстан халқына жолдауы - 2023

Біздің армия жоғары технологиялық қару-жарақпен қамтамасыз етілуі керек – Тоқаев

Тоқаев отандық өндірісті өзімізде дамытып, импорттық өнімдерге тәуелділікті азайту қажет екенін атап өтті
Sputnik
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда қорғаныс өнеркәсібін дамытудың арнайы қоры құрылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, тағы бір маңызды мәселе – қорғаныс-өнеркәсіптік кешенті нығайту. Дамыған мемлекеттерде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бұл маңызды рөл ойнайды.
Тоқаев отандық өндірісті өзімізде дамытып, импорттық өнімдерге тәуелділікті азайту қажет екенін атап өтті.

"Біздің армия жоғары технологиялық қару-жарақ және әскери техникамен, соның ішінде бронды техника, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, заманауи атыс қаруларымен қамтамасыз етілуге тиіс. Техниканы жедел жөндеу бойынша өндірістік қуаттылықты нығайтып, отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейту керек", - деді президент парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Айтуынша, бізде тиісті материалдық техникалық база, құзыреттілік және кадрлар бар. Оларға тиісті ведомстволардан тапсырыстар қажет.
"Заманауи технологиялар трансферті мен жаңа өндірістерді ашу жұмысын жалғастыру керек. Отандық кәсіпорындарды тікелей қаржылай қолдау тетігі Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамытудың арнайы қоры болады", - деді Тоқаев.
Министрлік әскер беделін түсіретін жалған ақпарат таратушыларды жазалауды ұсынды