Министрлік әскер беделін түсіретін жалған ақпарат таратушыларды жазалауды ұсынды

© Photo : предоставлено пресс-службой Министерства обороны РКУчения ОДКБ "Боевое братство"
Учения ОДКБ Боевое братство - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Қорғаныс министрлігінің ұсынысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше кезеңде Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың беделін түсіретін, елдің қоғамдық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіретін жалған, нақты емес және деструктивті ақпаратты немесе мәліметтерді таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті енгізу көзделген.
Министрлік осыған қатысты түсініктеме берді.
"Қарулы Күштердегі ерекше кезең бұл – "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы № 391, "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 және "Терроримзге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе белгілі бір бөлігінде енгізілетін дағдарыстық кезең", - деп түсіндірді министрліктегілер.
Ведомство түсіндіруінше, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ерекше кезеңнің алдында азаматтық қоғам мен Қарулы Күштердің жеке құрамының моральдық тұрғыдан еңсесін түсіретін ақпарат тарату арқылы халыққа белсенді әсер ету кезеңі (ақпараттық соғыс) өтеді.
"Ерекше кезеңде қолданыстағы заңнамаға ұсынылған өзгерістер БАҚ пен әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың ақпараттық кеңістіктегі іс-әрекеттерін реттеуге және бірінші кезекте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Ерекше кезеңде ұсыныстар күшінде болады және оны тек елдің жоғары басшылығы енгізе алатынын айта кету керек", - деп хабарлады министрлік.
Бейбіт уақытта Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабына сәйкес цензураға тыйым салынады, әркімнің заңда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.
"Ерекше кезеңде деструктивті ақпаратты, сондай-ақ әскери операцияны жүргізудің орналасуы, тактикасы, нысандары, әдістері, бөлімшелер құрамы, Қарулы Күштердің жеке құрамын, қару-жарағы мен әскери техникасын ілгерілету туралы мәліметтерді тарату азаматтық халыққа және мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі залал келтіруі мүмкін. Соңғы жылдардағы оқиғалар көрсеткендей, дәл осы әрекеттерді кезеңді деструктивті күштер белсенді қолданады", - делінген ақпаратта.
Жаңалықтар
0