Жетісу облысында медицина саласындағы шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды
Sputnik
АЛМАТЫ, 31 тамыз - Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Жетісу облыстық департаментінің басшысы пара алды деген күдікке қалды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

"Шенеунік медициналық қызмет көрсету және тиісті лицензия беру жөніндегі қызметі, жалпы "қамқорлығы" үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді", - дейді антикор.

Қазіргі күні сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды, деп мәлімдеді ведомство.
Өзбекстандағы 65 баланың өлімі: импорттаушылар шенеуніктерге пара бергені анықталды