https://sputnik.kz/20230817/ozbekstandagy-65-balanyn-olimi-importtaushylar-sheneunikterge-para-bergeni-anyqtaldy-37759882.html
Өзбекстандағы 65 баланың өлімі: импорттаушылар шенеуніктерге пара бергені анықталды
Өзбекстандағы 65 баланың өлімі: импорттаушылар шенеуніктерге пара бергені анықталды
Sputnik Қазақстан
Ташкентте өтіп жатқан сотта қаза тапқан балалардың ата-аналары кінәлілерді ауыр жазалауды сұрады 17.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-17T22:49+0500
2023-08-17T22:49+0500
2023-08-17T22:49+0500
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_0:192:3001:1880_1920x0_80_0_0_0de4afdb79c701144fcdfde69b3da1e8.jpg
АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Өзбекстанда 65 баланың өліміне әкелген үндінің жөтелге қарсы препаратын импорттаушылар жергілікті шенеуніктерге міндетті тестілеуден бас тартқаны үшін 33 мың доллар пара берген, деп хабарлады сәрсенбіде сот отырысында прокурорлар.Sputnik LIVE хабарлағандай, Өзбекстанда ЖРВИ препаратын қабылдағаннан кейін 65 баланың қайтыс болуына байланысты сот өтіп жатыр.21 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, оның 5-і әйел. Олардың қатарында Үндістанның Quramax бас директоры Сингх Рагвендра Пратар, Өзбекстан фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы директоры Сардор Кариев те бар. Айыпталушылардың жетеуі өз кінәсін мойындады.Marion Biotech дәрі-дәрмектерін Quramax Medikal Сингапурда тіркелген екі фирма арқылы жоғары бағамен жеткізген. Сараптама "Doc-1 Max" жөтел шәрбатында улы этиленгликольдің болғанын анықтады.Сот залында қайтыс болған балалардың, сондай-ақ дәрі қабылдағаннан кейін мүгедек болып қалған балалардың ата-аналары да болды. Олар кінәлілерге ең жоғары жазаны талап етті.Сот сотталушылар мен адвокаттардың бет-әлпетін көрсетпеу үшін залдан хабар таратуға тыйым салу туралы қорғаушының өтінішін қанағаттандырды.Келесі отырыс 18 тамызда өтеді.Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында Өзбекстанда Marion Biotech шығарған "ДОК-1 Макс" сиропының салдарынан балалар қайтыс болды. Зертханалық зерттеулер препараттың стандарттарға сәйкес келмейтінін және оның құрамында улы зат – этиленгликоль бар екенін көрсетті.Іс бойынша тергеу Өзбекстанда да, Үндістанда да жүріп жатыр. Қылмыстық іс бойынша сот 11 тамызда басталды.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_84:0:2751:2000_1920x0_80_0_0_556a91bc70c41ebd228d21c149216b02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан
Өзбекстандағы 65 баланың өлімі: импорттаушылар шенеуніктерге пара бергені анықталды
Ташкентте өтіп жатқан сотта қаза тапқан балалардың ата-аналары кінәлілерді ауыр жазалауды сұрады
АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Өзбекстанда 65 баланың өліміне әкелген үндінің жөтелге қарсы препаратын импорттаушылар жергілікті шенеуніктерге міндетті тестілеуден бас тартқаны үшін 33 мың доллар пара берген, деп хабарлады сәрсенбіде сот отырысында прокурорлар.
Sputnik LIVE хабарлағандай, Өзбекстанда ЖРВИ препаратын қабылдағаннан кейін 65 баланың қайтыс болуына байланысты сот өтіп жатыр.
21 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, оның 5-і әйел. Олардың қатарында Үндістанның Quramax бас директоры Сингх Рагвендра Пратар, Өзбекстан фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы директоры Сардор Кариев те бар. Айыпталушылардың жетеуі өз кінәсін мойындады.
Marion Biotech дәрі-дәрмектерін Quramax Medikal Сингапурда тіркелген екі фирма арқылы жоғары бағамен жеткізген. Сараптама "Doc-1 Max" жөтел шәрбатында улы этиленгликольдің болғанын анықтады.
Сот залында қайтыс болған балалардың, сондай-ақ дәрі қабылдағаннан кейін мүгедек болып қалған балалардың ата-аналары да болды. Олар кінәлілерге ең жоғары жазаны талап етті.
Сот сотталушылар мен адвокаттардың бет-әлпетін көрсетпеу үшін залдан хабар таратуға тыйым салу туралы қорғаушының өтінішін қанағаттандырды.
Келесі отырыс 18 тамызда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында Өзбекстанда Marion Biotech шығарған "ДОК-1 Макс" сиропының салдарынан балалар қайтыс болды. Зертханалық зерттеулер препараттың стандарттарға сәйкес келмейтінін және оның құрамында улы зат – этиленгликоль бар екенін көрсетті.
Іс бойынша тергеу Өзбекстанда да, Үндістанда да жүріп жатыр. Қылмыстық іс бойынша сот 11 тамызда басталды.