"Қазтрансойл" Өзен – Атырау – Самара мұнай құбырын ауыстыру жұмыстарын аяқтады

Sputnik
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. "Қазтрансойл"АҚ Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймағындағы "Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының учаскелерін ауыстыру жұмыстарын аяқтады.
"ҚазТрансОйл" АҚ "Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының 1190,4 – 1235,4 шақырымында диаметрі 720 мм жаңадан салынған құбыр учаскелерін және 1235 шақырымдағы қабылдау тапсыру бекетін қосу жұмыстарын жүргізді", - деп хабарлады "Қазтрансойл".
Жалпы ұзындығы 45 шақырым болатын құбырдың ауыстырылған учаскелерін қосу үшін "Атырау-Самара" учаскесінде "Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырын 72 сағатқа тоқтату қажет болды.
Жұмысқа 188 қызметкер мен 78 техника жұмылдырылды.
"Атырау-Самара" мұнай құбыры қазақстандық мұнайдың әлемдік нарыққа экспорты бойынша екінші орында тұр. Мұнай "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы, одан әрі "Транснефть" ЖАҚ жүйесі арқылы Усть-Луганың Балтық терминалы мен Қара теңіздегі Новороссийск портына жеткізіледі.
2023 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ қазақстандық мұнайды "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы және одан әрі Германияға жеткізу үшін Адамова Застава мұнай жеткізу пункті бағытында "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы жеткізе бастады.
Бұл ретте "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы, одан әрі Тоймазы-Омск-Новосибирск-2 (ТОН-2) мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнай "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-не жеткізіледі.
2022 жылы "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы барлығы 9 миллион 438 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалданған.