https://sputnik.kz/20230831/qaztransoyl-ozen--atyrau--samara-munay-qubyryn-auystyru-zhumystaryn-ayaqtady-38080749.html
"Қазтрансойл" Өзен – Атырау – Самара мұнай құбырын ауыстыру жұмыстарын аяқтады
"Қазтрансойл" Өзен – Атырау – Самара мұнай құбырын ауыстыру жұмыстарын аяқтады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. "Қазтрансойл"АҚ Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймағындағы "Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының учаскелерін... 31.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-31T15:41+0500
2023-08-31T15:41+0500
2023-08-31T15:41+0500
мұнай
құбыр
https://sputnik.kz/img/14/70/147082_0:240:4608:2832_1920x0_80_0_0_fe3173946b7d7536a012c1fb29165cd2.jpg
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. "Қазтрансойл"АҚ Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймағындағы "Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының учаскелерін ауыстыру жұмыстарын аяқтады.Жалпы ұзындығы 45 шақырым болатын құбырдың ауыстырылған учаскелерін қосу үшін "Атырау-Самара" учаскесінде "Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырын 72 сағатқа тоқтату қажет болды.Жұмысқа 188 қызметкер мен 78 техника жұмылдырылды."Атырау-Самара" мұнай құбыры қазақстандық мұнайдың әлемдік нарыққа экспорты бойынша екінші орында тұр. Мұнай "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы, одан әрі "Транснефть" ЖАҚ жүйесі арқылы Усть-Луганың Балтық терминалы мен Қара теңіздегі Новороссийск портына жеткізіледі.2023 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ қазақстандық мұнайды "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы және одан әрі Германияға жеткізу үшін Адамова Застава мұнай жеткізу пункті бағытында "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы жеткізе бастады.Бұл ретте "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы, одан әрі Тоймазы-Омск-Новосибирск-2 (ТОН-2) мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнай "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-не жеткізіледі.2022 жылы "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы барлығы 9 миллион 438 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалданған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/14/70/147082_256:0:4352:3072_1920x0_80_0_0_ce4127e328f89cc41f6ef2df77a51fa0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, құбыр
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. "Қазтрансойл"АҚ Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймағындағы "Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының учаскелерін ауыстыру жұмыстарын аяқтады.
"ҚазТрансОйл" АҚ "Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының 1190,4 – 1235,4 шақырымында диаметрі 720 мм жаңадан салынған құбыр учаскелерін және 1235 шақырымдағы қабылдау тапсыру бекетін қосу жұмыстарын жүргізді", - деп хабарлады "Қазтрансойл".
Жалпы ұзындығы 45 шақырым болатын құбырдың ауыстырылған учаскелерін қосу үшін "Атырау-Самара" учаскесінде "Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырын 72 сағатқа тоқтату қажет болды.
Жұмысқа 188 қызметкер мен 78 техника жұмылдырылды.
"Атырау-Самара" мұнай құбыры қазақстандық мұнайдың әлемдік нарыққа экспорты бойынша екінші орында тұр. Мұнай "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы, одан әрі "Транснефть" ЖАҚ жүйесі арқылы Усть-Луганың Балтық терминалы мен Қара теңіздегі Новороссийск портына жеткізіледі.
2023 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ қазақстандық мұнайды "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы және одан әрі Германияға жеткізу үшін Адамова Застава мұнай жеткізу пункті бағытында "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы жеткізе бастады.
Бұл ретте "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы, одан әрі Тоймазы-Омск-Новосибирск-2 (ТОН-2) мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнай "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-не жеткізіледі.
2022 жылы "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы барлығы 9 миллион 438 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалданған.