АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде қоғамдық әжетханаға кіре алмаған тұрғын қалалық әкімдік пен ТКШ бөлімін сотқа берді, деп хабарлады "Диапазон" порталы.
Қала тұрғыны дәретхана жабық тұрғандықтан қажетін өтей алмаған.
Талапкер өзінің талап арызында 3 және 18 маусымда Абай даңғылында стационарлық дәретхананы пайдалана алмағанын айтқан. Тіпті видеоға да түсіріп алған. Ал ТКШ бөлімі қалалық дәретханалардың жұмыс істеп тұрғанын айтады. Сондай-ақ сот дәретханаларға қызмет көрсететін мердігерден де жауап алды. Ол аталған күндері кәрізді тазарту жұмыстары жүргізілгенін, бірақ сағат 16:00-ге дейін жуынатын бөлмелер жұмыс істеп тұрғанын айтқан.
Сот тұрғынның әкімдікке және ТКШ бөліміне қойған талап арызын қанағаттандырмады. Өйткені тұрғын осы жағдайдан кейін денсаулығына зиян келгені туралы медициналық анықтама ұсынбаған.