Ақтөбе тұрғыны дәретханаға кіре алмағаны үшін әкімдікті сотқа берді

© Photo : Пресс-служба КазАвтоЖолАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2023
Жазылу
Ол моральдық шығынын 300 мың теңгеге бағалап, сотқа шағым түсірді
АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде қоғамдық әжетханаға кіре алмаған тұрғын қалалық әкімдік пен ТКШ бөлімін сотқа берді, деп хабарлады "Диапазон" порталы.
Қала тұрғыны дәретхана жабық тұрғандықтан қажетін өтей алмаған.
Талапкер өзінің талап арызында 3 және 18 маусымда Абай даңғылында стационарлық дәретхананы пайдалана алмағанын айтқан. Тіпті видеоға да түсіріп алған. Ал ТКШ бөлімі қалалық дәретханалардың жұмыс істеп тұрғанын айтады. Сондай-ақ сот дәретханаларға қызмет көрсететін мердігерден де жауап алды. Ол аталған күндері кәрізді тазарту жұмыстары жүргізілгенін, бірақ сағат 16:00-ге дейін жуынатын бөлмелер жұмыс істеп тұрғанын айтқан.
Сот тұрғынның әкімдікке және ТКШ бөліміне қойған талап арызын қанағаттандырмады. Өйткені тұрғын осы жағдайдан кейін денсаулығына зиян келгені туралы медициналық анықтама ұсынбаған.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2023
Ақтөбе облысында педагог пен оқушы бірін-бірі сотқа берді
Жаңалықтар
0