Ақтаудағы концерт кезінде 200-ден астам бала жоғалды

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іс-шараға 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Ақтаудағы ауқымды концерттен кейін полицейлерге жоғалған балалар туралы 200-ден астам хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Lada.kz порталы.
Ірі мұнай компаниясының 60 жылдығына арналған концерт 30 тамызда кешкі уақытта болған.
"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іс-шараға 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Балалардың жоғалғаны туралы өтініштердің жалпы саны 200-ден асады. Жас шамалары 3-15 жас аралығында. Абырой болғанда барлығы табылып, ата-анасына табысталды", - дейді Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Концертті көргісі келетіндердің көптігі соншалық, олардың кейбіреуі аялдаманың төбесіне шығып алған. Қазақстандық жұлдыздардың өнерін тамашалауға 60 мыңнан астам көрермен жиналған. Тіпті ұзын-сонар көлік кептелісі болған.
"Ақтауда мұндай кептелісті ешқашан көрген емеспін. Біз бір орында 40 минут қозғалмай тұрдық. Үйге бір жарым сағатта жеттік", - дейді Ақтау тұрғыны Саламат.