АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. 2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 10 878 жалға берілетін пәтер сатып алу үшін 105,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"Бұдан басқа, 2023 жылы кредиттік тұрғын үйді салуға 158,5 млрд теңге сомасына лимит көзделген және 725,8 мың шаршы метр немесе 12,1 мың пәтер салу жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Биыл тұрғын үй қарыздарын беру үшін 71,9 млрд теңге қарастырылған. Отбасы банк "2-10-20" ипотекалық бағдарламасы бойынша 3.176 қарызды және "5-10-20" бағдарламасы бойынша 3610 қарызды іске асыру жоспарлануда.