АСТАНА, 30 тамыз - Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицина орталығының дәрігерлерін тоқ соққан 9 жастағы қызға көмек беру үшін Қостанайға жібереді.
"Бүгінгі таңда денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының екі маманын жіберу туралы шешім қабылдады", - деді өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев.
Мұндай шешім ведомствода баланың ата-анасының Тоқаевқа бейнеөтінішінен кейін қабылданды. Бейнеөтініште олар баламен болған жағдай туралы айтты.
Тоғыз жастағы қыз Ұзынкөл аудандық ауруханасына ауыр жағдайда түсті, деп жазады Alau.kz