Премьер-министр фонтанда тоқ соққан баланың мәселесін көтерді

© AFP 2024 / NOEL CELISРебенок купается в фонтане
Ребенок купается в фонтане - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Ақсу қаласында болған жағдайға байланысты тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Өткен демалыста Павлодар облысында фонтанда шомылып жүрген баланы тоқ соқты. Ондай жерлерде суға түсуге мүлдем тыйым салынған. Санитарлық дәрігерлер де рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың қауіпті екенін айтады. Алайда, баланың аты – бала. Ойнағанды жақсы көреді. Сондықтан, әкімдіктер фонтандардың қауіпсіз жұмысын тексеріп, балалардың шомылуына жол бермей, бақылауды барынша күшейтуі тиіс", - деді Смайылов бүгінгі үкімет отырысында.
Оның айтуынша, бұл жұмысқа ішкі істер министрлігі де атсалысуы қажет.
Бұдан бөлек, премьер-министр оңтүстік өңірлердегі суару каналдары да адамдарға қауіп төндіріп отырғанын ерекше атап өтті. Ондай нысандардың басым бөлігі қоршалмаған.
"Каналдарда балалар өлімі көп жағдайда Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында тіркеледі. Бұл ретте, Түркістан облысының оң тәжірибесін атап өткім келеді. Онда арыққа түсіп, құлап кеткен жағдайда өз бетінше сыртқа шығуға мүмкіндік беретін арнайы құралдар орнатылуда", - деп атап көрсетті Смайылов.
Премьер әкімдіктері осы тәжірибені зерделеп, каналдар мен арықтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін пысықтауға тапсырма берді.
Жаңалықтар
0