Астанада бәйгеден Конституция күніне арналған республикалық турнир өтіп жатыр

Бәйгенің жүлде қоры – 20 млн теңге
Sputnik
АЛМАТЫ, 30 тамыз - Sputnik. Астана маңындағы "Қазанат" атшабарында Конституциясы күніне арналған бәйге түрлерінен республикалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Конституция күніне арналған бәйге жарысының ашылу салтанатына Астана қаласының Ұлттық және Олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов, ҚР Мәжіліс палатасының депутаты Қарақат Әбден және қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысты.
Мерекелік додаға еліміздің 12 өңірінен 50-ге тарта таңдаулы жүйрік жиналды.
Олар 2400 метр шақырымдық "ұшқыр" бәйге, 18 шақырымдық "топ" бәйге және 25 шақырымдық "аламан" бәйге бойынша сынға түсіп жатыр.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елордалық Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан бәйгенің жүлде қоры – 20 млн теңге.
Ұйымдастырушылардың айтуынша бәйге соныңда көрермендер арасында лотерея ойнатылып, бағалы сыйлықтар табысталады.
Тоқаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады