АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Алматыда көшеде бейтаныс қыздың бөксесінен сипап өткен мопед жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурызбай аудандық полиция басқармасына 25 жастағы қыз арызданған. Айтуынша, мопед мінген белгісіз ер адам оны қорлаған.
"Күдікті бірден анықталды. 2001 жылғы М. есімді азамат ұсталды. Оның әрекеті ӘҚбтК-нің 434-бабымен сараланды", - делінген хабарламада.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқықбұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.