Күйзелістен кейін есте сақтау қабілеті төмендемеу үшін не істеу керек

Ми ағзаны "қайта іске қосып", шамадан тыс жүктемемен күресу үшін жұмыстан назарды басқаға аударып, қызмет саласын өзгерту маңызды
Sputnik
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Жаяу жүру, спортзал және кітап оқу күйзелістен кейін есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі. Эндокринолог, Мәскеу мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының докторы Зухра Павлова осылай дейді.
"Есте сақтау қабілетінің төмендеуіне көбінесе күйзеліс пен шамадан тыс шаршау себеп болады. Бірақ бұл неврологиялық,эндокриндік ауруларға (атап айтқанда, қант диабеті есте сақтау қабілетінің бұзылуына әсер етеді) шалдықтыруы да мүмкін. Әрине, ми қызметінің әлсіреуі нейродегенеративті аурулардың дамуына әсер етеді", - деді ол Telegram каналында.
Павлованың пікірінше, миға қызмет саласын өзгерту маңызды. Ол әрбір ересек адамға жұмыстан кейін серуендеуге немесе спортзалға баруға кеңес берді.
Тұрақты түрде кітапоқу, көркем картинағақарау, сөзжұмбақ шешу және викторинаға қатысу да есте сақтау қабілетін сақтауға көмектеседі.
Денсаулық
Дәрігер жастардың есте сақтау қабілеті неге төмен екенін айтты