Денсаулық

Дәрігер жастардың есте сақтау қабілеті неге төмен екенін айтты

© Photo : PexelsПриятное с полезным: топ важных лайфстайл-блогов Казахстана
Приятное с полезным: топ важных лайфстайл-блогов Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Жазылу
Мидағы қан айналымын іске қосу үшін физикалық жаттығумен тұрақты айналысу керек, деді ол
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан — Sputnik. Жоғары санаттағы педиатр, медицина ғылымдарының кандидаты жастара есте сақтау қабілетінің бұзылу себептері қарт адамдардағыдай емес екенін атап өтті.
Оның айтуынша, жастар тобына 35 жасқа дейінгі адамдар жатады.

"Есте сақтау қабілеті проблемасы негізінен жүректің ишемиялық ауруымен, бас миы тамырларындағы қан айналымының бұзылуымен байланысты. Жастарда есте сақтаудың бұзылуы көбіне күйзеліс белгілерінің бірі болатыны туралы нақты статистика бар", - дейді Евгений Комаровский.

Жас кезде есте сақтау қабілетінің төмендеуі байқалуы мүмкін. Бұл қан қысымының жоғарылауы және қозғалыстың болмауынан туындайды.
"Мидағы қан айналымын іске қосу үшін физикалық жаттығумен тұрақты айналысу керек. Егер сіз мең-зең күйде болып, үнемі экранға үңіліп отырар болсаңыз және тыңдаған немесе оқыған ақпаратты түсіне алмасаңыз, онда бұл есте сақтау жұмысында проблема бар екенін білдіреді", - деді дәрігер.
Сондай-ақ ол есте сақтау қабілетінің бұзылуымен күресу шараларын атады. Егер күйзеліс белгілері болмаса, онда қан қысымын өлшеп, өмір салтын өзгерту және спортпен айналысуды бастау керек. Ал егер адам күйзеліске ұшыраған болса, онда психиатр көмегіне жүгінуі қажет. Қалай болғанда да есте сақтау қабілетін жақсартатын жаттығулар артық болмайды", - деп түйіндеді Комаровский.
Жаңалықтар
0