АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімге қол қойды.
"Қоса беріліп отырған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімнің жобасы мақұлдансын", - делінген құжатта.
Құжат басқа мүше мемлекеттің бенефициары жүзеге асыратын мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін принципалдың мүше мемлекетінің аумағында тіркелген кепілгерлер беретін банк кепілдіктерін өзара тануды қамтамасыз етуді қарастырады.