ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің келесі отырысы қазан айында Бішкекте өтеді

© Sputnik / Владислав Воднев ЕАЭС елдерінің тулары
 ЕАЭС елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Жазылу
Отырыс 26-27 қазанда Қырғызстан астанасында өтеді
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің келесі отырысы 2023 жылғы 26-27 қазанда Бішкекте өтеді.
"Кезектен тыс отырыстың қорытындысы бойынша үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіне Санкт-Петербург декларациясының жобасын Еуразиялық үкіметаралық кеңестің алдағы отырысында түпкілікті қарау мақсатында әзірлеуді тапсырды. Отырыс 2023 жылдың 26-27 қазанында Бішкек қаласында өтеді", - деп хабарлады Қырғызстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі РИА Новостиге.
Бір күн бұрын Арменияның Цахкадзор қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысы өтіп, оған Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшылары қатысты.
Кездесу барысында тараптар ЕАЭО-ның 2030 және 2045 жылдарға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық дамуы, оның ішінде интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытудың негізгі міндеттері мен өзекті бағыттары туралы декларацияның жобасын талқылау бойынша пікір алмасты.
Жаңалықтар
0