Жетісу облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Жүргізуші ұйықтап кетіп, жол бойындағы қоршауға соғылған
Sputnik
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында жол апатынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 203 шақырымында Көксу ауданында болған.
"Volkswagen Passat" көлігін тізгіндеген 41 жастағы азамат ұйықтап кетіп, жол бойындағы қоршауға соғылған.
"Салдарынан жүргізуші мен оның 39 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Тағы үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді", - делінген полиция хабарламасында.
Болжам бойынша, жол апаты жүргізушінің шаршап, көлік тізгіненде қалғып кетуінен болған.
Өңірлер
Көлік өртеніп кеткен: Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты