Өңірлер

Көлік өртеніп кеткен: Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайғылы оқиға 18 тамыз түнгі сағат 23:30 шамасында болды. Бәйдібек ауданының полиция бөліміне жол апаты туралы хабар түсті.
Облыстық маңызы бар Шаян-Екпінді тас жолында Nissan көлігі қарсы бетке шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігімен соқтығысқан.
Салдарынан Mercedes өртеніп, ішінде отырған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Тиісті сараптамалар жасалады.
Nissan жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2023
Балқашта жол апатынан тоғыз адам көз жұмды
Жаңалықтар
0