Алматыда барахолка базарынан тағы өрт шықты

80 шаршы метр аумақ өртенді
Sputnik
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Алматыда барахолка базары тағы да өртке оранды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Таңнан бері қаланың осы бөлігінде түтін байқалған.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратментінің мәліметі бойынша 26 тамыз сағат 08:37-де өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, "Алмалы" базарындағы жанып жатқан контейнерлердегі өртті сөндірді. Өртенген аумақ 80 шаршы метр болды.

"Қабылданған шаралардың арқасында өрттің жақын маңдағы тауарлық-материалдық құндылықтары бар сауда қатарларына таралуына жол берілген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ", - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар депаратменті.

Полиция қызметкерлері өрт болған жерді жедел қоршауға алды.
Алматыда "барахолка" маңында ірі өрт шықты