Алматыда "барахолка" маңында ірі өрт шықты

© Photo : ДЧС АлматыСклады горят в Алматы
Склады горят в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2023
Жазылу
Екі жарым сағат ішінде 2250 шаршы метр аумақтағы өрт оқшауланды
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Алматыда барахолка ауданында ірі өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"12 тамыз сағат 07:16-да Алматы қаласының Жетісу ауданында Москвин көшесіндегі қоймалар өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.️ Жедел штаб, бірнеше өрт сөндіру учаскелері құрылды. Ғимараттың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты температура жоғарылап, құрылымдардың құлау қаупі пайда болды. Көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Өртті сөндіруге 25 техника, 85 адам, сондай-ақ қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.

Алматылық өрт сөндірушілердің күшімен сағат 09:45-те 2250 шаршы метр аумақтағы өрт оқшауланды.
Жаңалықтар
0