АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Мектептерде 2023-2024 оқу жылы қайтадан 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тамыз кеңесінде мәлімдеді.
"Бұл мәселеге қатысты қоғамда көптеген пікірталас, қауымдастық тарапынан біраз ұсыныс болды. Бұл әлемдік практика, бірақ мұндай шешімдер үшін мұқият дайындық қажет. Министрліктің шешімі орынды, бірақ асығыс қабылданған деп санаймын. Осыған байланысты биылғы оқу жылында 25 мамырға, 34 апталық оқу жылына оралғанымыз дұрыс болады деп ойлаймын", - деді Дүйсенова тамыз кеңесінде.
Министр алдағы оқу жылында қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп, оқу жылын 36 аптаға дейін ұзарту мәселесіне 2025 жылдан кейін оралу қажет екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2022-2023 оқу жылы 36 аптаға созылған болатын. Мектептерде соңғы қоңырау дәстүрге сай 25 мамырда емес, 1 маусымда соғылды. Оқу-ағарту министрлігінің мұндай шешімі қоғамда қызу талқыға түсіп, сынға ілікті.