Аймағамбетов соңғы қоңырау жайлы: бұл шешім көпшілікке ұнамайтынын білдік

© Sputnik / Владислав ВодневАсхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2023
Жазылу
Биылдан бастап оқу жылы бір аптаға кеш аяқталады, соңғы қоңырау 1 маусым күні соғылады
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаты, бұрынғы білім министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде оқу жылының 31 мамырға дейін ұзарғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз жұмыста тек қана ұнайтын, қол соғатын шешімдерді ғана қабылдамауымыз керек. Олай болса, бұл тек популизм болады. Әрине жалақы көтерсең, тиісті талаптарды алып тастасаң, барлығына ұнайды. Бірақ мемлекеттік қызметші болғаннан кейін ұнамайтын, бірақ елге қажет, мүмкін бес жылдан кейін, мүмкін он жылдан кейін түсінікті болатын шешімдерді қабылдай білуіміз керек деп ойлаймын. Сол шешімнің бірі қабылданған болатын. Енді ол басым көпшілікке ұнамайтыны түсінікті. Ол солай болуы керек те. Бұл шешімді қабылдар кезде халық арасында, оқушылар арасында жақсы қабылданбайтынын біз білдік", - дейді Аймағамбетов мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Экс-министрдің айтуынша, оқу жылын бір аптаға ұзарту туралы шешім білім сапасын көтеру мақсатында қабылданды.
"Дәл сол уақытта бұл шешім қажет болды. Қазір тиісті министрлік бұл мәселемен айналысып, тиісті шешім қабылдайды деп ойлаймын", - деді депутат.
Аймағамбетов балалары мектепке әлі барып жүргенін, кітаптарын тапсырмағанын айтты.
Былтыр мектептерде соңғы қоңырау күнін ауыстыру туралы шешім қабылданған болатын. Яғни оқушылар бұрынғыдай демалысқа 25 мамырда шықпайды, соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады. Алайда қазір бұл жаңашылдық ата-аналардың наразылығын тудырып жатыр. Олардың айтуынша, балалар кітаптарын баяғыда тапсырып қойған, мектепке босқа барып жүр.
Ғани Бейсембаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2023
Министр соңғы қоңырауды 25 мамырға қайтаруды талап еткен ата-аналарға жауап берді
Жаңалықтар
0