АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Астанада нөсер жауынның салдарын жоюға 100-ден астам техника, атап айтқанда, ассенизаторлық машиналар мен мотопомпалар жұмылдырылды.
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша Астанада айлық нормадан көп жауын жауды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осылайша, айлық норма 31 мм болса, кеше кешке 42 мм жауын-шашын жауды.
Су басқан негізгі учаскелердің бірі – Ұлы Дала даңғылы. Мұнда тазарту қондырғылары салынып жатыр, жоба әлі аяқталған жоқ.
Әкімдіктінің мәліметінше бұған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су тасқыны мәселесі шешілген.
Биыл жер үсті ағындарын бұру үшін 2,5 шақырым магистральдық нөсерлі кәріз желілерін салу жоспарланып отыр.
"Elorda eco system"ұйымымен жер үсті ағындарын бұруды қамтамасыз ету мақсатында коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды буландыру, су шығару, нөсерлі кәріз жүйелерін және және т.б. жұмыстарыжүргізіліп жатыр", - деп түйіндеді әкімдіктің баспасөз қызметі.