Елорда тынысы

Астананы су басты: "Elorda eco system" директоры қызметінен кетті

© Sputnik / Абзал КалиевЛивень в Нур-Султане
Ливень в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Астананың нөсерлі кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемей, салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін "Elorda eco system" директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
"Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен "Elorda eco system" алдына жер үсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылды. Олардың қатарында коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және т.б. бар", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Әкімдіктің мәліметінше, 2023 жылы жер үсті ағын суын бұру үшін 2,5 км магистральдық нөсер кәріз желісін салу жоспарланып отыр. Мәселен осыған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су басу мәселесі шешілген болатын.
Еске сала кетейік, 6 тамыз күні Астанада толассыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан елорда көшелерін су басқан болатын. Көшелерді жаңбыр суынан тазартуға 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
Жаңалықтар
0