АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Алматы қаласында ел аумағынан шығару тураыл сот шешімін орындамаған шетелік сектанттар ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сілтеме жасап.
Бұған дейін Ресейдің екі азаматы Петропавл қаласында ұсталған. 2022 жылы екеуі "рухани тазаруды" жарнамалап, жергілікті халықты сектаға кіруге шақырған.
Осы жылдың басында 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйелге 172 500 теңгенің айыппұл салынды. Одан кейін ел аумағынан шығуға міндеттелді. Бірақ сектанттар Петропавлдан Ресейге емес, Алматыға кетіп қалған.
Осы жолы соттың шешімімен екеуіне салынған айыппұлдың көлемі екі есеге артты. Ресейліктер 345 000 теңге төлеп беруі тиіс. Бұдан былай екеуі Қазақстан аумағына 5 жыл бойы кіре алмайды.