https://sputnik.kz/20221129/din-okilderi-qara-magiyadan-qalay-qorganuga-bolatynyn-aytty-29818054.html
Дін өкілдері қара магиядан қалай қорғануға болатынын айтты
Дін өкілдері қара магиядан қалай қорғануға болатынын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде "жігітті жіпсіз байлап беремін, жол ашамын" деген жарнама толып тұр. Жастар оған сеніп, сұраған ақшасын бере... 29.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-29T08:40+0500
2022-11-29T08:40+0500
2022-11-29T08:40+0500
әлеуметтік желілер
жарнама
https://sputnik.kz/img/525/44/5254420_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_53d863241f8571c37a9824a6c1a04002.jpg
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде "жігітті жіпсіз байлап беремін, жол ашамын" деген жарнама толып тұр. Жастар оған сеніп, сұраған ақшасын бере салады. Психотерапевтер оның негізгі себебін біледі. Ал дін өкілдері қара магиядан қорғануға болатынын айтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан AstanaTV арнасына сілтеме жасап.Бүгінде әлеуметтік желіде балгермін деп білгенін істеп жүргендер көп. Өз қызметі үшін 10-50 мың теңге сұрайды. Ал нәтижесі бір апта мен бір айдың ішінде болады деп сендіреді.Психотерапевт Лаура Жексембаеваның айтуынша, адамдар өмірден соққы алып, өзегі талғанда, я болмаса, байлығынан айырылып, бақытын жоғалтқанда көріпкелге жиі барады. Осылайша олар басына түскен проблеманы жеңілдетуге тырысады.Ал дін өкілдері сүйгеніңізді құрыққа түсіремін дегендерден аулақ болуға шақырады. Себебі сиқыр жасау адамның өзі үшін өте қауіпті."Сиқырлау бар екендігі жайлы осы "Фәлақ" сүресінде де айтылған. Алла тағаладан, "Алла, түйіндерге түйін жасап, адамдарға бір сиқыр жасайтындардың сиқырынан мені сақтай гөр" деген мағына. Сондықтан осы "Фәлақ" сүресін және "Нас" сүресін оқып, сиқырлардан арылуға болады", - дейді Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/525/44/5254420_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_7c1ffe9e3deb318fdd7b6e1dbbd83896.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік желілер, жарнама
әлеуметтік желілер, жарнама
Дін өкілдері қара магиядан қалай қорғануға болатынын айтты
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде "жігітті жіпсіз байлап беремін, жол ашамын" деген жарнама толып тұр. Жастар оған сеніп, сұраған ақшасын бере салады. Психотерапевтер оның негізгі себебін біледі. Ал дін өкілдері қара магиядан қорғануға болатынын айтады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан AstanaTV
арнасына сілтеме жасап.
Бүгінде әлеуметтік желіде балгермін деп білгенін істеп жүргендер көп. Өз қызметі үшін 10-50 мың теңге сұрайды. Ал нәтижесі бір апта мен бір айдың ішінде болады деп сендіреді.
Психотерапевт Лаура Жексембаеваның айтуынша, адамдар өмірден соққы алып, өзегі талғанда, я болмаса, байлығынан айырылып, бақытын жоғалтқанда көріпкелге жиі барады. Осылайша олар басына түскен проблеманы жеңілдетуге тырысады.
"Адам тіректі сырттан іздей бастайды. Яғни, қандай да бір бақсы оған "мен сенің мәселеңді шешіп беремін, көмектесемін" деп үміт сыйлайтын болса, ол адам тез монипуляцияға ұшырап, оның айтқанын істеуге көндігеді", - дейді Жексенбаева.
Ал дін өкілдері сүйгеніңізді құрыққа түсіремін дегендерден аулақ болуға шақырады. Себебі сиқыр жасау адамның өзі үшін өте қауіпті.
"Сиқырлау бар екендігі жайлы осы "Фәлақ" сүресінде де айтылған. Алла тағаладан, "Алла, түйіндерге түйін жасап, адамдарға бір сиқыр жасайтындардың сиқырынан мені сақтай гөр" деген мағына. Сондықтан осы "Фәлақ" сүресін және "Нас" сүресін оқып, сиқырлардан арылуға болады", - дейді Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай.