Тәжікстан президенті Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі деп жоспарланып отыр
Sputnik
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Тәжікстан президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.