Тәжікстан президенті Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанПрезиденты Казахстана и Таджикистана Касым-Жомарт Токаев (справа) и Эмомали Рахмон
Президенты Казахстана и Таджикистана Касым-Жомарт Токаев (справа) и Эмомали Рахмон - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2023
Жазылу
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Тәжікстан президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.
Жаңалықтар
0