АЛМАТЫ, 24 тамыз - Sputnik. Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп әуе кемелері паркін толықтыру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Биыл SCAT әуе компаниясының паркіне төртінші жаңа ұшақ келді. Сыйымдылығы 189 орындық болатын кезекті Boeing 737 MAX 8 әуе тасымалдаушысының флотын 37 бортқа дейін ұлғайтты, оның 30-ы "Boeing" үлгісіндегі ұшақтар", - делінген хабарламада.
Жаңа ұшақтарды пайдалануға беру әуе компанияның тасымалдау сыйымдылығын арттыратынын, сондай-ақ рейстердің уақтылы орындалуына оң әсер ететінін атап өткен жөн.
Қазақстандық әуе компаниялардың әуе кемелері паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.