https://sputnik.kz/20230405/qazaqstanda-onnan-astam-zhana-reys-ashylady-33593106.html
Қазақстанда оннан астам жаңа рейс ашылады
Қазақстанда оннан астам жаңа рейс ашылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Көктем-жаз маусымына қарай Доха, Анкара, Медина, Баку және Душанбе қалаларына жаңа рейстер ашылады, деп хабарлады сәрсенбі күні... 05.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-05T13:49+0500
2023-04-05T13:49+0500
2023-04-05T13:49+0500
әуе қатынасы
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109591_719:767:2997:2048_1920x0_80_0_0_e025eb27e62777edfb9104517284815e.jpg
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Көктем-жаз маусымына қарай Доха, Анкара, Медина, Баку және Душанбе қалаларына жаңа рейстер ашылады, деп хабарлады сәрсенбі күні мәдениет және спорт министрлігі. Сонымен қатар Ыстамбұл, Тбилиси, Пхукет, Мале, Дели, Чэнду, Лондон, Ираклион және Подгорица қалаларына ұшатын рейстер де көбейеді. Оның үстіне Алматы мен Астананың әуежайлары ғана емес, Шымкент, Ақтау және Түркістанның әуе айлақтары да жаңа рейстерді орындауға тартылады. Бірқатар шетелдік әуе компаниясы да Қазақстанмен әуе қатынасын орнатуды жоспарлап отыр. Мысалы, малайзиялық лоукостер Air Asia X Куала-Лумпурдан Алматыға, Тайландтағы әуе тасымалдаушысы Thai Air Asia Бангкоктан Алматыға рейс ашуды көздеп отыр. Иранның Qeshm Air компаниясы Алматы – Токио бағыты бойынша рейс ашуды жоспарлап отыр. Омандағы SalamAir 1 шілдеден бастап Маскат – Алматы рейсін іске қосады, деп хабарлады министрліктегілер.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109591_928:670:2765:2048_1920x0_80_0_0_1485ace99d57b2143d87e5a8d9f610f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуе қатынасы
Қазақстанда оннан астам жаңа рейс ашылады
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Көктем-жаз маусымына қарай Доха, Анкара, Медина, Баку және Душанбе қалаларына жаңа рейстер ашылады, деп хабарлады сәрсенбі күні мәдениет және спорт министрлігі.
Сонымен қатар Ыстамбұл, Тбилиси, Пхукет, Мале, Дели, Чэнду, Лондон, Ираклион және Подгорица қалаларына ұшатын рейстер де көбейеді.
"Соның арқасында елімізге келуді жоспарлаған шетелдік қонақтардың Қазақстанға келу мүмкіндігі артады. Шетелдік әріптестермен жаңа бағыттарды ашу бойынша келіссөздер жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Мысалы, өткен жылы 7 елде 10 жаңа бағыт ашылды", - деді мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.
Оның үстіне Алматы мен Астананың әуежайлары ғана емес, Шымкент, Ақтау және Түркістанның әуе айлақтары да жаңа рейстерді орындауға тартылады.
Бірқатар шетелдік әуе компаниясы да Қазақстанмен әуе қатынасын орнатуды жоспарлап отыр. Мысалы, малайзиялық лоукостер Air Asia X Куала-Лумпурдан Алматыға, Тайландтағы әуе тасымалдаушысы Thai Air Asia Бангкоктан Алматыға рейс ашуды көздеп отыр.
Иранның Qeshm Air компаниясы Алматы – Токио бағыты бойынша рейс ашуды жоспарлап отыр. Омандағы SalamAir 1 шілдеден бастап Маскат – Алматы рейсін іске қосады, деп хабарлады министрліктегілер.