28 адам ұсталды: ІІМ мен ҰҚК Астана және Қарағанды қалаларында арнайы операция өткізді

Тоғыз қару, 400-ге жуық оқ-дәрі, пышақтар, радиостанциялар, үлкен көлемде ақша және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді
Sputnik
АСТАНА, 24 тамыз - Sputnik. 23 тамыз күні ішкі істер министрлігі ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға теріс әсер ететін қылмыстық топты ұстау бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Арнайы операция Астана және Қарағанды қалаларының аумағында өтті.
Полицияның мәліметінше, топ мүшелерінің тау-кен өндіруші компаниялардың бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлауға, есірткі мен атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ 2022 жылы қылмыстық текетірес кезінде Қарағанды тұрғынын өлтіруге оқталу фактісіне қатысы бар екені анықталды.
Осы қастандықты жасамақ болған топтың ықтимал "киллері" көрші мемлекеттің аумағында ұсталды.
Құқық қорғау органдары 70 тінту іс-шарасын өткізді. Соның нәтижесінде тоғыз қару, 400-ге жуық оқ-дәрі, пышақтар, радиостанциялар, үлкен көлемде ақша және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді.
"Полицияға 28 адам жеткізілді, оның ішінде топтың 12 белсенді мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.
ҰҚК арнайы операция өткізді – екі жасырын зертхананың видеосы жарияланды