Павлодар облысы әкімінің резиденциясы мемлекетке қайтарылады – сот үкімі

Облыстың бұрынғы әкімі Болат Бақауов кезінде Жасыбай көлінің жағасындағы резиденция жеке меншік кәсіпорынға сенімгерлік басқаруға тапсырған
Sputnik
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Жеке меншікке заңсыз сатылып кеткен Павлодар облысы әкімінің резиденциясы мемлекетке қайтарылады. Сот үкімі күшіне енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасына сілтеме жасап.
Бұған дейін Павлодар облысының қаржы басқармасы сотқа арыз түсіріп, облыс әкімнің резиденциясын екі жауапкершілігі шектеулі серіктестікке сату шартын, жарғылық капиталға сай мүлікті қабылдау мен тапсыру актісін жарамсыз деп тануды талап еткен. Сот шағымды қанағаттандырды. Бірақ бизнесмендер аппеляциялық арыз түсірді. Павлодар облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.
"Іс бойынша "А" ЖШС-гі сатып алу-сату шарты бойынша мемлекеттік мүлікті жеке меншікке – демалыс үйінің тұрғын емес үй-жайларын сатып алғаны анықталды. Алайда мүлік заңда белгіленген тыйымға қайшы сатылған. Мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға құқығы жоқ. Демалыс үйі жекешелендіруге жатпайды, оны жүзеге асыру қолданыстағы заңнаманы бұзумен жүзеге асырылған. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері мемлекеттік жер пайдаланушының меншігінен шығарылып, "А" ЖШС-не заңсыз берілген, кейіннен оны "JR" ЖШС жарғылық капиталына ауыстырған", - делінген сот үкімінде.
Соттың шешімі заңды күшіне енді.
Айта кетері, облыстың бұрынғы әкімі Болат Бақауов кезінде Жасыбай көлінің жағасындағы резиденция жеке меншік кәсіпорынға сенімгерлік басқаруға тапсырды, артынан сатып алуға да рұқсат берілді. Екі жылдан кейін 161 миллионға сатып жіберді. Бизнесмендер ол жерде "Jasybai Resort" деген элиталық демалыс аймағын ашып, жаңа нысандар да салып тастады.
Қазақ тілін мәжбүрлеп оқытуға болмайды – Павлодар облысының әкімі