АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Сейсенбі күні Үлкен ауылында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Тыңдауда жергілікті халық аймақтағы атом энергетикасының дамуын қолдады, сонымен қатар оның өз аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жоғары маңыздылығын атап өтті", - делінген энергетика министрлігінің хабарламасында.
Как проходили публичные слушания по строительству АЭС в поселке Улькен
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Талқылауға қатысушылар АЭС-тің салынуы аймақ үшін экономикалық пайда әкелетініне де тоқталды.
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Қазір Үлкен ауылында жүрген Sputnik Қазақстан тілшісі де АЭС салуды жергілікті тұрғындар қолдайтынын растады.
Ал АЭС құрылысын жария талқылауға қатысу үшін арнайы келген азаматтық және экологиялық белсенділер қарсы болды.
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Алматы облыстық мәслихаты талқылау қорытындысы бойынша Алматы облысы Жамбыл ауданының аумағында АЭС салуға келісу мәселесі бойынша шешім қабылдайды, деп хабарлады энергетика министрлігі.