Саясат

Тоқаев Ханойда ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қойды

Sputnik
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға сапары барысында ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев Вьетнамда Ба Динь алаңында орналасқан ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары Ба Динь алаңында орналасқан ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қоюдан басталды.
1945 жылы 2 қыркүйекте Хо Ши Мин осы алаңда Вьетнамның тәуелсіздігін жариялаған болатын.
Тоқаев Вьетнамда Ба Динь алаңында орналасқан ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қойды
Президент Вьетнамның бостандығы үшін күресте қаза тапқан батырлардың және осы елдің ұлт көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті.
Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы қатысты.
20 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын Ханойдың "Ной Бай" әуежайында Вьетнам президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Тоқаев Вьетнамға барды