https://sputnik.kz/20230821/toqaev-khanoyda-ult-qaarmandary-monumentine-gul-shogyn-qoydy-37817637.html
Тоқаев Ханойда ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қойды
Тоқаев Ханойда ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға сапары барысында ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл... 21.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-21T09:41+0500
2023-08-21T09:41+0500
2023-08-21T09:41+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
гүл
https://sputnik.kz/img/07e7/08/15/37816305_0:29:1280:749_1920x0_80_0_0_6ee73148c6af3c55377f36f08e991d95.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға сапары барысында ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары Ба Динь алаңында орналасқан ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қоюдан басталды.1945 жылы 2 қыркүйекте Хо Ши Мин осы алаңда Вьетнамның тәуелсіздігін жариялаған болатын.Президент Вьетнамның бостандығы үшін күресте қаза тапқан батырлардың және осы елдің ұлт көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті.Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы қатысты.20 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын Ханойдың "Ной Бай" әуежайында Вьетнам президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20230820/toqaev-vetnamga-bardy-37812372.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/15/37816305_122:0:1159:778_1920x0_80_0_0_99b26e9cae3e5fd6545400dc1ec170ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, гүл
Тоқаев Ханойда ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қойды
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға сапары барысында ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары Ба Динь алаңында орналасқан ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қоюдан басталды.
1945 жылы 2 қыркүйекте Хо Ши Мин осы алаңда Вьетнамның тәуелсіздігін жариялаған болатын.
Президент Вьетнамның бостандығы үшін күресте қаза тапқан батырлардың және осы елдің ұлт көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті.
Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы қатысты.
20 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын Ханойдың "Ной Бай" әуежайында Вьетнам президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.