АСТАНА, 21 тамыз - Sputnik. "Армия-2023" көрмесін 80-нен астам мемлекет тамашалады, Мәскеу облысында өткен форум шараларына миллионнан астам адам қатысты, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.
"Армия-2023" халықаралық әскери-техникалық форумы өз жұмысын аяқтады. Бір аптаға созылған форумның іс-шараларына 1 093 285 адам қатысты", - делінген хабарламада.
Форумның іс-шаралары "Патриот" конгресс-көрме орталығы, Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Орталық әскери-патриоттық мәдениет және демалыс саябағының нысандары, Алабино полигоны және Кубинка аэродромында өтті. Мұнда 14-20 тамыз аралығында көрермендер мен қатысушылар үшін түрлі ақпараттық-танымдық көрмелер мен басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.
"Форумға 83 елдің қорғаныс ведомстволарының делегациялары қатысты. Форум барысында 29 екіжақты кездесулер ұйымдастырылып, өткізілді", - деп атап өтті министрлік.
Әскери ведомство "Армия -2023" форумына қатысқан шетелдік қатысушылардың саны екі есеге өскенін атап өтті. Ұлттық экспозицияларды Беларусь, Вьетнам, Үндістан, Иран, Қытай, Пәкістан ұсынды.