"Армия-2023" көрмесінде "Аватар" виртуалды полигоны таныстырылды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуМеждународный военно-технический форум "АРМИЯ-2023"
Международный военно-технический форум АРМИЯ-2023 - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Ресейде "Армия" форумында әскери байланысшыларды оқытатын "Аватар" кешені таныстырылды.
Жобаның виртуалды полигоны жауынгерлерге жүктелген міндетті орындап көруге мүмкіндік береді, деп түсіндірді Ресей қорғаныс министрлігі.

"Аватар" оқыту уақытын қысқартады, жүктелген міндетті дәлдікпен орындауға, сонымен қатар экипаждың бір арнаға жұмылуына мүмкіндік береді. Ал оның ең үлкен артықшылығы - әскери оқу-жаттығу өткізу үшін үлкен көлемдегі алаңдарды қажет етпеуінде", - деп баға берді ведомстводағылар.

Сондай-ақ форумда "Тканевый пистолет" автономдық кешені таныстырылды. Мұндай пистолет биополимерлік гельдің көмегімен қан кетуді тоқтатады, сонымен қатар жараларды емдейді. Оны "Эра" әскери инновациялық технополистің мамандары ұсынды.
"Биыл әскери ғылым көрмеге 60-тан астам инновациялық жоба экспонатын ұсынды. Олардың бірқатары арнайы әскери операция кезінде ерекше мәнге ие болады. Олардың қатарында "Тканевый пистолет" кешені бар", - делінген хабарламада.
Технополистің мамандары пилотсыз ұшу аппараттарының құлауын алдын алып, қайта жаттықтыруға арналған оқу-жаттығу кешенін таныстырды.
Халықаралық "Армия-2023" форумы Кубинкадағы "Патриот" саябағында 14-20 тамыз аралығында өтеді.
Жаңалықтар
0