АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Алматыда жаңа оқу жылында алғаш рет мектепке 30 146 бала барады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева хабарлады.
“1-сыныпқа қабылдау 1 тамызда аяқталды. Бүгінгі таңда 30 146 бала қабылданды, оның ішінде жекеменшік мектептерге баратын – 3 789 бала. Орта білім беру ұйымдарында пәндік кабинеттердің 75,6% жаңартылды”, - деді Жылқыбаева.
Оның айтуынша, биыл “Мектеп автобусы” жобасы басталады. Жалпы тасымалдау қажеттілігі 12500 баланы құрайды.
"Бүгінгі күні 100 мектеп автобусын сатып алынды. Биыл біз қаланың 7 ауданынан 30 мектептен 7 722 баланы тасымалдаймыз. Ол үшін тасымалдау қызметтеріне бюджетте 1,4 млрд. теңге қарастырылған. Оны “АлматыЭлектротранс” жүзеге асыратын болады”, - деп бөлісті спикер.