Қоғам

"Қазақстан" шахтасындағы өрт әлі сөнген жоқ – ТЖМ

Sputnik
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында құтқарушылар "Қазақстан" шахтасындағы тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр.
"Қазіргі уақытта тау-кен құтқарушыларының негізгі күш-жігері Д-6 көмір конвейерінің еңісіндегі қалған өрт ошақтарын сөндіруге бағытталған. Жұмыстарға тау-кен құтқарушыларының екі бөлімшесі жұмылдырылған", - делінген ТЖ министрлігінің хабарламасында.
ТЖМ басшысымен өткен кеңесте "қатты түтін, көптеген өрт ошағы, үлкен тереңдіктегі қазбалардағы жоғары температура жағдайында жүргізілетін жұмыстардың төтенше қауіптілігі" аталып өтті.
Еске салсақ, 17 тамызда сағат 10.05-те "Қазақстан" шахтасында конвейерлік лента өртенді. Төтенше жағдай кезінде жер астында 227 кенші болған, оның 222-сі жер бетіне шығарылды. Қалған бес шахтер қаза тапты.
Зардап шекккен 11 кенші Қарағанды облысының ауруханаларына жатқызылды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов 19 тамызда "Қазақстан" шахтасына барды. Үкімет басшысы кеніштегі апатқа тікелей кәсіпорын иелері кінәлі екенін мәлімдеді.
Қоғам
20 тамыз "АрселорМиттал Теміртауда" аза тұту күні болып жарияланды