Өңірлер

Ақсуда 11 млрд теңгеге салынған қазандық жылу маусымына дайын емес

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 тамыз – Sputnik. Павлодар облысы Ақсу қаласында 11 млрд теңгеге салынған қазандық жылу маусымына дайын емес, деп хабарлайды "Хабар 24.kz" арнасы.
11 миллиард теңгеге салынған жаңа қазандық алдағы жылу беру маусымында да жұмыс істемеуі мүмкін. Бұрын анықталған кемшіліктерді мердігер ұйым қалпына келтірмеген.
Әкімдіктің ақпаратынша, орнатылған қазандық жабдықтары жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейді. Осылайша қазандық биыл орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылмайтын болды. Бірақ тұрғындар жылусыз қалмайды, деп сендірді әкімдіктегілер.
"Бір ай бұрын біз мердігер ұйымның басшылығымен кездестік, бірақ, өкінішке қарай, жағдай мүлдем өзгерген жоқ. Бүгінгі таңда бұл өзекті мәселенің екі шешімі бар. Олар жабдықты жақын арада тиісті жобаға ауыстырады немесе біз ЖСҚ-ны қайта түзетіп, мемлекеттік сараптамаға шығаруымыз керек", - дейді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Әкімдік Ақсу ферроқорытпа зауытының ескі қазандығы жөндеу жұмыстарынан кейін бүкіл қаланы жылумен қамтамасыз ете алатынын атап өтті.
Қазақстандық тұтынушыларға жылу үшін 957 млн теңге қайтарылады