https://sputnik.kz/20230820/aqsuda-11-mlrd-tengege-salyngan-qazandyq-zhylu-mausymyna-dayyn-emes-37802334.html
Ақсуда 11 млрд теңгеге салынған қазандық жылу маусымына дайын емес
Ақсуда 11 млрд теңгеге салынған қазандық жылу маусымына дайын емес
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 тамыз – Sputnik. Павлодар облысы Ақсу қаласында 11 млрд теңгеге салынған қазандық жылу маусымына дайын емес, деп хабарлайды "Хабар 24.kz" арнасы. 20.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-20T08:49+0500
2023-08-20T08:49+0500
2023-08-20T08:57+0500
өңірлер
жылу
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/01/29919218_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_abced9e4f37e73d9e28324b591df885b.jpg
АЛМАТЫ, 20 тамыз – Sputnik. Павлодар облысы Ақсу қаласында 11 млрд теңгеге салынған қазандық жылу маусымына дайын емес, деп хабарлайды "Хабар 24.kz" арнасы.11 миллиард теңгеге салынған жаңа қазандық алдағы жылу беру маусымында да жұмыс істемеуі мүмкін. Бұрын анықталған кемшіліктерді мердігер ұйым қалпына келтірмеген.Әкімдіктің ақпаратынша, орнатылған қазандық жабдықтары жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейді. Осылайша қазандық биыл орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылмайтын болды. Бірақ тұрғындар жылусыз қалмайды, деп сендірді әкімдіктегілер."Бір ай бұрын біз мердігер ұйымның басшылығымен кездестік, бірақ, өкінішке қарай, жағдай мүлдем өзгерген жоқ. Бүгінгі таңда бұл өзекті мәселенің екі шешімі бар. Олар жабдықты жақын арада тиісті жобаға ауыстырады немесе біз ЖСҚ-ны қайта түзетіп, мемлекеттік сараптамаға шығаруымыз керек", - дейді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.Әкімдік Ақсу ферроқорытпа зауытының ескі қазандығы жөндеу жұмыстарынан кейін бүкіл қаланы жылумен қамтамасыз ете алатынын атап өтті.
https://sputnik.kz/20230810/qazaqstandyq-tutynushylarga-zhylu-ushin-957-mln-tenge-qaytarylady-37517695.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/01/29919218_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0b40a9983e4686f62ebfaa86377522d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу
Ақсуда 11 млрд теңгеге салынған қазандық жылу маусымына дайын емес
08:49 20.08.2023 (жаңартылды: 08:57 20.08.2023) АЛМАТЫ, 20 тамыз – Sputnik. Павлодар облысы Ақсу қаласында 11 млрд теңгеге салынған қазандық жылу маусымына дайын емес, деп хабарлайды
"Хабар 24.kz" арнасы.
11 миллиард теңгеге салынған жаңа қазандық алдағы жылу беру маусымында да жұмыс істемеуі мүмкін. Бұрын анықталған кемшіліктерді мердігер ұйым қалпына келтірмеген.
Әкімдіктің ақпаратынша, орнатылған қазандық жабдықтары жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейді. Осылайша қазандық биыл орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылмайтын болды. Бірақ тұрғындар жылусыз қалмайды, деп сендірді әкімдіктегілер.
"Бір ай бұрын біз мердігер ұйымның басшылығымен кездестік, бірақ, өкінішке қарай, жағдай мүлдем өзгерген жоқ. Бүгінгі таңда бұл өзекті мәселенің екі шешімі бар. Олар жабдықты жақын арада тиісті жобаға ауыстырады немесе біз ЖСҚ-ны қайта түзетіп, мемлекеттік сараптамаға шығаруымыз керек", - дейді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Әкімдік Ақсу ферроқорытпа зауытының ескі қазандығы жөндеу жұмыстарынан кейін бүкіл қаланы жылумен қамтамасыз ете алатынын атап өтті.